Венесуэлада инфляция деңгейі 2000 %-ға жетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэлада инфляция деңгейі 2000 %-ға жетуі мүмкін

27.12.2017

Венесуэлада осы жылдың соңында инфляция деңгейі 2 мың пайызға жетіп қалады. Мұны оппозициясы басым ел парламенті мәлімдеді. Ал, үкімет қымбатшылық жөнінде бір жылдан бері статистика бермеген. Ұлттық ақша болса, биыл 97,5 пайызға құнсызданып, бір доллардың бағамы қара базарда 110 мың боливарға жетті. Тауықтың бір аяғының бағасы соңғы екі аптада 171 пайызға өскен.

Елде мұндай апатты экономикалық жағдайдың қалыптасуына әлемде мұнай бағасының түсуі және социалистік үкіметтің монетарлық саясаты себепші. 2003 жылы сол кездегі президент Уго Чавес байлардың шетелге ақша шығаруына жол бермеу үшін валютаға қатаң бақылау орнатты. Сол саясатты қазіргі мемлекет басшысы Николас Мадуро да жалғастырып отыр.

Мұның нәтижесінде доллар алу қиындап, импортерлер сырттан тауар әкеле алмай, қымбатшылыққа күшейіп барады.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу