Перуде коррупцияға қарсы марш өтті
Перу астанасы Лиманың тарихи орталығына жүздеген адам жиналып, коррупцияға наразылық білдірді. Мұның алдында ел президенті Педро Пабло Кучински пара алды деп айыпталды. Сол үшін ол қызметінен кетеді деген болжам бар. Бірақ, мемлекет басшысының өзі тағылған кінәні жоққа шығарып отыр. Марш кезінде демонстранттар аздап полициямен қақтығысты. Дегенмен, жалпы алғанда, манифестация бейбіт өтті.
Перуліктер адам құқығын бұзып, жемқорлыққа барып, 25 жылға сотталған экс-президент Альберто Фухимориге де қарсылық білдірді.
Ел парламенті қазіргі Перу лидерін отставкаға жіберу мәселесін бүгін дауысқа салады. Егер бұл процедура оппозиция үшін сәтті аяқталатын болса, елде жаңа сайлау өтеді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15