Басты Жаңалықтар АҚШ Сенаты соңғы 30 жылдағы ең ауқымды салық реформасы туралы заңды мақұлдады

АҚШ Сенаты соңғы 30 жылдағы ең ауқымды салық реформасы туралы заңды мақұлдады

Оны жоғарғы палата өкілдерінің 51-і қолдаса, 48-і қарсы дауыс берген. Мұны бүгін вице-президент Майк Пенс мәлімдеді.

Егер бұл жоба бекітілетін болса, президент Дональд Трамп үлкен жеңіске жетті деген сөз.

Жаңа заңға сай, корпоративтік салық 35 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейді. Сондай-ақ, америкалық компаниялардың шетелдегі табысы болашақта салықтан толық босатылуы мүмкін. Ал, қарсы жақтың пікірінше, бұл реформа нәтижесінде 13 миллиондай адам 2027 жылға дейін міндетті сақтандырусыз қалады. 

Чак Шумер, АҚШ Сенатындағы демократтар лидері:

- Не деген масқара?! Жаңа заңды басқаша қалай атауға болады?! Нағыз масқара. Мәселе идеологиялық айырмашылықта емес. Бұл америкалықтардың мұқтаждықтарына қарама-қайшы реформа. Орта таптағы бір отбасы не үшін корпорациялардан көбірек салық төлеуі тиіс. Сонда байлар қарапайым халыққа қарағанда долларды артық алуы керек пе?

 

Арыстан РЫСБЕК

Бөлісу