Чилиде миллиардер Себастьян Пинера билікке қайта келді
Чилиде өткен президенттік сайлау нәтижесінде миллиардер Себастьян Пинера билікке қайта келді. 68 жастағы саясаткер бұл елді 2010-2014 жылдары аралығында басқарған еді. Бұл жолы оған сайлаушылардың 54,58 пайызы дауыс берген. Чили 1990 жылы демократияға көшкелі ешқандай президенттікке кандидат мұнша дауыс жинаған емес. Пинера ел экономикасының қарыштап дамуына қайта жол ашып, айналасына бизнеске жақын адамдарды жинайтынын мәлімдеді. Ол билік еткен бірінші мерзімде бұл мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жыл сайын 5 пайыздан аса өсіп отырған. Чилиде президенттік сайлаудың бірінші раунды қараша айында өтіп, онда да Пинера өз бәсекелесі, журналист Алехандро Гильерден айтарлықтай басым түскен.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15