Атланта әуежайына жарық қайта берілді
АҚШ-тың Атланта қаласының Хартсфилд-Джексон халықаралық әуежайында кенеттен жарық өшті. Сондықтан, мыңдаған адам қараңғы терминалдар мен ұшақ борттарында қалып, сапарға аттана алмады. Ал, «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, энергия жүйесі қалпына келтірілсе де, мыңдаған рейс әлі де доғарылған күйінде.
Хартсфилд – әлемдегі ең қарбалас авиациялық порттардың бірі. Ол күніне 250 мыңдай жолаушы мен 2,5 мыңдай лайнерге қызмет көрсетеді.
«Джордж Пауэр» компаниясының мәлімдеуінше, энергия жүйесінің істен шығуына жер астындағы электрощит бөлмесіндегі өрт себепші.
Жергілікті әкімшілік тәртіпсіздіктерге жол бермеу үшін әуежайға қосымша полиция күштерін жөнелтті.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15