Грекияда жалпыхалықтық ереуіл жарияланды
Грекия халқы жалпыұлттық ереуіл жариялап, жұмысқа шықпай қойды. Олар ел үкіметінің қаржыны қатаң үнемдеу саясатына наразылық білдіріп жатыр. Алайда, министрлер кабинеті бюджет шығындарын қысқартпаса, халықаралық кредиторлардан экономиканы жандандыруға несие ала алмайды. Бірақ, үнемдеу шаралары елді ауыр жағдайға ұрындырған. 8 жылға созылған дағдарыста жүздеген мың адам жұмысынан айырылып, зейнетақы 40 пайызға азайды. Демонстранттар парламент алдына жиналды. Өйткені, депутаттар желтоқсанның 19-да 2018 жылдың бюджетін дауысқа салады.
Шеру салдарынан қоғамдық көлік пен теміржол компаниялары, әуежайлар мен порттар қалыпты жұмыс істей алмай отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15