ИЫҰ: Шығыс Иерусалим- Палестина астанасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ИЫҰ: Шығыс Иерусалим- Палестина астанасы

14.12.2017

Құрамына 57 ел кіретін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Шығыс Иерусалимді Палестинаның астанасы деп жариялады. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп көне қаланы Израильдің астанасы деп атағаны белгілі.

Иерусалим иудаизм ғана емес, христиандар мен мұсымандар үшін де ерекше қала. Бұл шаһарда Исламдағы үшінші қасиетті орын – «әл-Ақса» мешіті орналасқан. Иерусалимді Израиль 1967 жылғы соғыста басып алды. Бірақ, халықаралық қауымдастық еврей мемлекетінің билігін мойындаған емес. Палестина болса, бұл қаланың шығысын болашақта астана етуден үмітті.

Ал, Автономия президенті Махмуд Аббас Вашингтонды енді Таяу Шығыстағы бейбітшілік жөніндегі келіссөздерге араластырмауға шақырды.

Махмұд Аббас, Палестина президенті:

- Құрама Штаттар бейбіт процестерге енді адал делдал бола алмайды. Оны алдағы уақытта арабтар, мұсылмандар, христиандар келіссөздерге қабылдамайды. Себебі, бейбітшілік орнатуға атсалысамын деген елге қойылатын негізгі талаптар – шыншылдық пен объективтілік.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу