Саакашвили қамаудан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саакашвили қамаудан босатылды

12.12.2017

Украина оппозициясы лидерлерінің бірі Михаил Саакашвили қамаудан босатылды. Өйткені, судья прокурордың оны үй тұтқынында ұстау туралы өтінішін қанағаттандырмаған.

Саакашвили Грузияда 2003-2013 жылдары президент болды. Ал, еуромайданнан кейін ол Украинаға барып, 2015 жылы Одесса облысының губернаторлығына тағайындалды. Кейін 49 жастағы саясаткер Украина үкіметін жемқор деп айыптап, президент Петр Порошенконы отставкаға кетуге шақырды. Ал, ресми Киевтің мәлімдеуінше, Саакашвили ресейлік бизнесменмен сыбайласып, билікті құлатуды жоспарлаған. Мұны грузияның экс-президенті жоққа шығарды.

Ал, жексенбі күні сан мың адам шеруге шығып, Саакашвилиді түрмеден босатуды талап етіп, Порошенкоға импичмент жариялансын деген ұран көтерді.

Қамаудан шыққаннан кейін Михаил Саакашвили саяси күресті әрі қарай жалғастыратынын мәлімдеді.

Михаил Саакашвили, Грузияның экс-президенті:

- Менің келесі жоспарым – бұрынғыдай. Саяси күштерді біріктіру. Жағдайдың ушыққанын қаламаймын. Тайталас та қажет емес. Ешкімге шабуыл жасап, төңкеріс жасайын деп отырған жоқпыз. Оларды барлық қажетті заңдарды қабылдауға мәжбүрлеуіміз керек.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу