Германия Сыртқы істер министрі Еуропа Құрама Штаттары идеясын қолдады
Еуропа Құрама Штаттары. Бұл идея төңірегінде қазір дау көп. Бірақ, бүгін белгілі болғандай, оны осы аймақтың ең алып экономикалық державасы – Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль қолдады.
Бұған дейін оның партияласы – социал-демократтар лидері Мартин Шульц Еуропаны әрі қарай дамытудың бір жолы ретінде 2025 жылға қарай Штаттар құруды ұсынған еді. Ал, Габриэльдің пікірінше, мұндай идеяны оның немерелерінің замандастары үшін шын мәнінде жүзеге асыруға болады.
Германия бас дипломатының тағы бір сөзіне қарағанда, Еуропа жеке-жеке мемлекет болмай, Құрама Штаттарға айналғанда ғана әлемде өз азаматтарының мүддесін қорғай алады.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15