Пхеньян соғыс болатынын ескертті
Корей түбегінде соғыстың болатыны «бұлжымас факт». Мұндай қауіпті Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлесіп өткізіп жатқан әскери жаттығу төндіріп тұр. Мұны бүгін Солтүстік Корея мемлекеттік телеарнасы хабарлады. «Біз соғысты қаламаймыз. Сонымен бірге, одан қашпаймыз да», - дейді осы телеарнаның дикторы елдің Сыртқы істер министрлігінің мәлідемесін оқи отырып.
Бүгін АҚШ-тың В-1В бомбалаушы ұшақтары жаттығу аясында түбек аспанына көтерілді. Бұл маневрлардың басталуына Солтүстік Кореяның соңғы айларда ядролық сынақ жасап, бірнеше құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшыруы себепші. Пхеньян мұндай тәжірибелерді Біріккен Ұлттар Ұйымының резолюциялары мен халықаралық қысымға қарамастан, өткізіп отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15