Бали аралында жанартаудың оянуына байланысты 100 мыңдай адам көшірілмек
Индонезияның Бали аралында Агунг жанартауының оянуына байланысты 100 мыңға жуық тұрғынға қауіпсіз жерге көшуге бұйрық берілді. Жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, вулканнан төнген қатер ең жоғары деңгейге жеткен. Жанартаудың ауқымды зор болатыны болжанып отыр.
Тау басынан будақтаған түтін мен күл 3400 метр биіктікке дейін көтеріліп, төменге қарай тас пен балшық аралас «суық лава» өзен тәрізді ағып жатыр.
Туристер көптеп баратын курорттық қаланың басты әуежайы жабылып, 445 рейс кейінге қалып, 59 мыңдай жолаушы Балиден кете алмай отыр. Саяхатшыларға алдын ала ешқандай ескерту жасалмаған. Олардың енді қашан ұшатыны белгісіз. Бірақ, жақын маңдағы 5 провинцияның әуежайлары ұшақтарды қабылдауға әзір екенін мәлімдеген.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06