«Босния қасапшысы» Ратко Младич өмірінің соңына дейін түрмеде отырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Босния қасапшысы» Ратко Младич өмірінің соңына дейін түрмеде отырады

22.11.2017

Мұндай үкімді бүгін Гаагада Біріккен Ұлттар Ұйымының трибуналы жариялады. 74 жастағы сотталушы үкім оқылып жатқан кезде айқайлағаны үшін залдан шығарылды.

Младич бастаған серб жасақтары 1995 жылы Боснияның Сребреница қаласы маңында 4 сағат бойына мұсылмандарды қырып, балаларымен бірге 8 мыңдай адамды өлтірген. Құрбан болған жандардың ең жасы 12-де, қариясы 77-де болған. Ал, Голландияның бітімгер жауынгерлері бейбіт халықты қорғаудың орнына, қырғын болып жатқан аймақты тастап кеткен. Сонымен қатар, Ратко Младичтің бұйрығымен серб әскерлері Сараевоны қоршауға алып, 10 мыңдай адамды өлтірді. Соғыстан кейін Младич 16 жыл бойы Сербияның бір ауылында жасырын өмір сүрген.

Айта кетсек, бұрынғы Югославия бойынша халықаралық сот оған қатысты істі қарауды 2012 жылы бастаған.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу