Зимбабвенің вице-президенті Эммерсон Мнангагва еліне оралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зимбабвенің вице-президенті Эммерсон Мнангагва еліне оралады

22.11.2017

Зимбабвенің вице-президенті Эммерсон Мнангагва Оңтүстік Африкадан бүгін еліне оралып, жаңа мемлекет басшысы ретінде ант береді. Мұны биліктегі партия өкілдері мәлімдеді. Дәл осы саясаткер екі апта бұрын қызметтен аластатылып, 93 жастағы президент Роберт Мугабенің өз орнына 53 жастағы әйелін қояды деген хабардан кейін әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасап, билікті күшпен басып алды.

Естеріңізге сала кетсек, әлемнің ең қарт президенті Мугабе өткен тәулікте отставкаға кетіп, бүкіл елді қуантты. Өйткені, ол басқарған 37 жылда Зимбабве үлкен әлеуметтік және экономикалық дағдарысқа ұшырады. 2008 жылы мұнда инфляция деңгейі 00 миллиард пайызға жетсе, жұмыссыздар қатары қазір 90 пайызға жуықтап отыр. Сонымен қатар, миллиондаған адам күнкөріс іздеп, Оңтүстік Африкаға қашты.

Ида Нгиранди, Хараре тұрғыны:

- Жаңа басшылық жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздық мәселесін шешуі тиіс. Сондай-ақ, олар бұрынғы билік жүйесіне оралмағаны жөн. Біз лидерлеріміздің тағы да жемқорлығын көріп, үкіметтен қайта түңілгіміз келмейді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу