Таиландта 20 этникалық ұйғыр түрмеден қашты
Таиландта 20 этникалық ұйғыр қамау орталығынан қашып кетті. Бұл оқиға Тай-Малайзия шекарасында болған. Олар түрменің қабырғасының астын қазып, баспалдақ салып, бір-бірін ақжаймамен тартып, далаға шығарған.
Соңғы мәліметке қарағанда, қашқындардың бесеуі тұтқындалды. Қалғандары әлі бостандықта.
Таиландта 2014 жылы 200-ден астам ұйғыр қамалды. Олардың 100-ден астамы Қытайға күшпен қайтарылды. Өзгелері өздерін Түркияға депортациялауды сұрап отыр.
Айта кетсек, осыдан бірнеше жыл бұрын жүздеген ұйғыр қысым көрдік деп, Шыңжаңнан қашты. Алайда, Қытай үкіметі бұл мәліметті жоққа шығарып отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15