Беларусьте шпиондық топ әшкереленді
Беларусьте Украина қорғаныс министрлігі үшін шпиондық жасады деген күдікпен бір топ әшкереленді. Мұны осы елдің Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. Оның дерегінше, Минскте жұмыс істеген Павло Шаройко деген журналист тұтқындалған. Ол ақша төлеп, жергілікті азаматтардан агенттер ұйымын құрды деген күдік бар.
Осы оқиғаға байланысты Украина елшілігінің кеңесшісі еліне қайтарылды. Өйткені, ол аталған журналистке басшылық еткен.
Айта кетсек, Минск пен Киевтің қатынасты биыл мұнсыз да сындарлы шақты өткерді. Дәлірек айтсақ, қыркүйекте Беларусь аумағында Ресеймен бірлескен «Батыс-2017» атты ауқымды әскери жаттығу өтіп, ол маневрлар Украина мен НАТО-ны айтарлықтай алаңдатқан еді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15