Жамбыл облысында жоғалған қызды іздеуге келген құтқарушының өзі суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жоғалған қызды іздеуге келген құтқарушының өзі суға кетті

19.04.2021

Жамбыл облысы Тасөткел су қоймасында 24 жастағы қызды іздеу кезінде, жоғалып кеткен сүңгуірдің бірі әлі табылмады. Тараздан арнайы келген құтқарушылар төңіректі сүзіп шыққан. Алайда, кешке жел тұрып, асау ағыс 50 жастағы сүңгуір мінген қайықты тартып әкетеді. Сүңгуір сол бойы жоқ. Жарты сағаттан кейін қарсы жағалаудан оның құтқару жейдесі мен мотор қайығы ғана табылған. 13 күнен бері 100-ге жуық құтқарушы мен екі тікұшақ іздестіріп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ. Жоғалған қыз да табылмады.

Мақсат Қосыбаев,  Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Бұл өте тәжірибелі сүңгуір. Тәжірибесін мүмкіндігінше қолданды. Яғни бұл арада тек дауылдың әсері. Қатты тұрған дауылдан, жоғарғы толқын қайықтың дер кезінде жағаға қайтуына мүмкіндік бермеген.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу