Пхеньян сүңгуір қайықтан баллистикалық зымыран ұшырғанын растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхеньян сүңгуір қайықтан баллистикалық зымыран ұшырғанын растады

20.10.2021

Солтүстік Корея сүңгуір қайықтан баллистикалық зымыран ұшырғанын растады. Мұны жергілікті мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлап отыр. Айта кетсек, Пхеньянның дәл осындай сынақ өткізгенін сейсенбі күні Оңтүстік Корея мәлімдеген еді.

Сеулдің дерегінше, солтүстіккореялық ракета 60 метр биіктікке көтеріліп, 450 шақырым ұшып, Жапон теңізіне қонған. Бұл тәжірибені тамашалауға лидер Ким Чен Ын бармады деген ақпарат тарап отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу