Аргентина орбитаға өзі құрастырған алғашқы жерсерігін жібереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентина орбитаға өзі құрастырған алғашқы жерсерігін жібереді

01.09.2014
Аргентина орбитаға өзі құрастырған алғашқы жерсерігін жібереді

Аргентинада жасалған алғашқы жерсерік сенбі күні Франциялық Гвианаға жеткізілді. Енді ол сол жерден қыркүйек ортасына қарай орбитаға ұшырылады.

Аргентинаның оңтүстігіндегі Рио-Негро провинциясының Сан-Карлос-де-Барилоче қаласында құрастырылып, «Арсат-1» аталған жерсерік телевизиялық және интернет сигнал қабылдауға арналған. Ресми мәліметтерге қарағанда, бұл жобаға 250 миллион доллар жұмсалған.

Аргентиналық мамандар 2015 жылдың маусымында ғарышқа «Арсат-2» жерсерігін жіберуді де жоспарлап отыр. Ал, қазіргі таңда аргентиналық ғалымдар «Арсат-3» жобасын іске асыруда.

 

Хабарламаларға жазылу