Солтүстік Корея тағы да зымыран ұшырды ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея тағы да зымыран ұшырды ма?

02.10.2019

Солтүстік Корея бүгін сүңгуір қайықтан баллистикалық зымыран ұшырса керек. Мұны осыдан бірер сағат бұрын Оңтүстік Корея әскерилері мәлімдеді. Олардың хабарлауынша, Вонсон порты маңынан көкке самғаған ракета 450 шақырым ұшып, 910 шақырым биіктікке дейін көтерілген.

Бұл сынақ Пхеньян Құрама Штаттармен келіссөздерді қайта бастайтынын жариялағаннан кейін бір күн өткенде жасалып отыр. 

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын былтыр маусымда Сингапурда, биыл қыста Вьетнамда кездесті. Алайда, ол саммиттерде тараптар Корей түбегін ядролық қарудан тазарту туралы келісім жасай алмады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу