НАТО Ауғанстанға тағы 3 мың жауынгер жібереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

НАТО Ауғанстанға тағы 3 мың жауынгер жібереді

08.11.2017

НАТО елдері Ауғанстандағы әскерінің санын тағы 3 мың адамға арттыруға келісті. Жаңа контингент Ислам Республикасына қаңтардан бастап шоғырлана бастайды. Оларға жүктелетін миссия – ауған армиясы мен әуе күштерін жаттықтыру. Сонымен қатар, АҚШ та кейінгі жылдары шабуылдарды жиілетіп, елдің айтарлықтай бөлігін қайта басып алған «Талибан» қозғалысына тойтарыс беру үшін Ауғанстанға қосымша әскер жөнелтуді көздеп отыр.

НАТО Ауғанстанға сарбаздар мен офицер жіберу жоспарын бүгін Брюссельде ашылатын екі-күндік кездесуінде мақұлдайды. 

Йенс Столтенберг, НАТО-ның Бас хатшысы:

- Онда қосымша әскер пайда болады. Олардың қазіргі саны – 13 мың адам. Сол контингент қатары 16 мыңға жетейін деп отыр. Олар жергілікті армияны жаттықтыру, көмектесу, кеңес берумен айналысады. Әсіресе, «Талибанмен», көтерілісшілермен, террористермен күресте шешуші рөл ойнаған Ауған арнайы күштеріне жәрдемдесуге баса мән бермекпіз.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу