Сауд Арабиясында тікұшақ құлап, 9 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында тікұшақ құлап, 9 адам қаза тапты

06.11.2017

Құрбандардың ішінде Асир провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Мансұр бин Мүкрин  мен өзге де жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер бар. Апатқа не себеп болғаны белгісіз.

Ал, жексенбі күні Сауд Арабиясының 11 ханзадасы мен 4 министрі тұтқындалды. Сондай-ақ, Саудия әуе күштері Йеменнен атылған баллистикалық зымыранды құлатып, бұл шабуыл үшін Иранды айыптап отыр. Бұған қоса, Сауд Арабиясы мұндай әрекеттерді өзіне жарияланған соғыс деп қарастыруы мүмкін екенін ескертті.

Тағы бір мәліметке қарағанда, бүгін таңертең Саудия бастаған араб коалициясы Йеменді әуеден де, теңізден де, құрлықтан да блокадаға алды.

Айта кету керек, Йеменде Саудияға сүйенген сүнниттер мен Иранға жақтас шиит-хуситтер бірнеше жылдан бері соғысып жатыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу