Нью-Йоркте теракт жасаған Сайфолла Саиповтың ата-анасы Ташкентте тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йоркте теракт жасаған Сайфолла Саиповтың ата-анасы Ташкентте тұрады

02.11.2017

 

Нью-Йоркте теракт жасап, тұтқындалған Сайфолла Саиповтың ата-анасы Ташкенттің шетіндегі жер үйде қарапайым ғана тіршілік кешіп жатыр.

 

Көршілерінің айтуынша, шабуылшының әкесі Хабилло сондай діншіл емес, мешітке көп бармайды  және де ол базарда құрылыс бояуларын  сатып, жан бағып отыр.

 

Нью-Йорктің Федералдық прокуратурасы Өзбекстан азаматы Сайфулло Саиповқа 8 адамды өлтірді деген айып тақты. Сонымен қатар, Саипов  лаңкестік ұйымға материалдық көмек көрсеткені үшін де кінәлі.

 

Алайда, айыпталушы өзіне куәгерлік етуден бас тартқан. Бұған қоса, ол «Даиштың» жиһад жайлы идеяларынан шабыттанып, Нью-Йоркте мейлінше көп адамды қырғынға ұшыратқысы келгенін мойындады.

 

Естеріңізге сала кетсек, 29 жастағы Саипов осы қаланың Манхэттен ауданында көпшілікті көлікпен қағып, 8 адамды мерт қылды.  Тағы 11-і жараланды. Сол жерде тұрған полицей оны атып жаралап, тұтқындады.

 

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу