Украина астанасындағы жарылыс құрбандарының саны екеуге жетті. Тағы бес адам жараланған. Кремль бұл шабуылға Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың қатысы бар деген болжамды жоққа шығарды.
Айта кетсек, өткен тәулікте Киевтегі «Эспрессо» телеарнасы ғимараты жанында болған жарылыс «теракт» деп танылды. Одан Жоғарғы Рада депутаты Игорь Мосийчук пен саясаттанушы Виталий Бала жараланды. Депутаттың 30 жастағы оққағары қаза тапқан. Депутат қазір ауруханада жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Куәгерлердің сөзінше, Игорь Мосийчук телекомпания кеңсесінен шығып бара жатқан кезде сол жерде тұрған мотоцикл немесе скутер жарылған. Тағы бір болжамдар бойынша бұл қастандық оқиғасы Игорь Мосийчуктің кәсіби қызметіне байланысты болуы мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК