Ирак әскері Киркук провинциясының соңғы ауданын бақылауға алды
Жауынгерлер күрдтердің «пешмерга» жасақтарымен үш сағаттай соғысқан. Бағдадтың қарамағына өткен Алтун Купри ауданы Киркук пен Күрдістан автономиясының астанасы Эрбиль қаласының ортасында жатыр. Оны азат ету операциясы бүгін таңертең басталды. АҚШ дайындаған антитеррористік күштерге Ирак полициясы мен Иран қолдаған шииттік отрядтар көмектесті.
Ауданнан ығыстырылған «пешмерга» содырлары Заб өзенінің жағасына орналасуға мәжбүр болды. Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.
Айта кетсек, Киркук пен оның айналасындағы елді мекендерді Ирак армиясы 2014 жылы «ДАИШ»-тың шабуылы кезінде тастап кеткен болатын.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15