Лос-Анджелес қаласының маңында «Chevron» компаниясының зауытында жойқын жарылыс болды
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының маңында «Chevron» компаниясының зауытында жойқын жарылыс болды. Бұл - елдің Солтүстік жағалауында орналасқан ірі мұнай өндіруші кәсіпорын. Оның көлемі шамамен 405 гектар аумақты алып жатыр. Зауыт үстінде көк түтін будақтап, электр желілері зақымданды. Сондықтан, қазір Лос-Анджелестің кейбір аудандары жарықсыз отыр. Отты сөндіруге мамандар мен арнайы техника тартылды. Енді жақын жердегі халықаралық әуежайға қауіп төнуі мүмкін. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз.
Айта кетейік, бұл зауыт 1911 жылы салынған болатын. Онда күніне шамамен 275 мың баррель мұнай өндіріледі екен.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да «50 жаңа аула» тазалық акциясы жалғасын тапты
21.07.2026, 17:31
Павлодарда шыбын-шіркейді улау жұмыстары қорытындыланды
21.07.2026, 17:30
Жетісу облысында егін орағы басталды
21.07.2026, 17:28
Түркістан облысында Бұхар бұғысының саны 300-ден асты
21.07.2026, 17:26
Баянауылда «Сарыарқа сыры» заманауи визит-орталығы ашылды
21.07.2026, 17:25
СҚО-да өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді
21.07.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.07.2026, 17:19
Ресейде бензин бағасы тағы да күрт өсті
21.07.2026, 17:18