Павлодарда шыбын-шіркейді улау жұмыстары қорытындыланды
Еліміз бойынша шыбын-шіркейі көп өңір саналатын Павлодарда дезинсекциялау жұмыстары қорытындыланды. Осы іске жауапты мамандардың дерегіне сүйенсек, биыл 3200 гектар аумақ өңделген. 2021 жыл маса мен шыбын-шіркейдің қаптауына қатысты 3 мыңнан аса шағым түссе, биыл 32 арыз тіркелген. Қансорғыштардың күрт азаюына улау жұмыстарын әуеден жүргізу септігін тигізіп отыр екен. Биыл 10 ұшаққа қосымша ну тоғайлы жерлерде ұшқышсыз ұшатын аппаратар кеңінен қолданылды. Нәтижесінде 172 мың гектар жерде улау жұмыстары жүргізілді. Ал, бес жыл бұрын небары 27 мың гектар жер өңделетін.
Сағын Төлеутаев, облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:
Былтырғы жылмен салыстырған кезде 50 пайыз жоғары. Былтырғы жылы біз 127 мың гектарды өңдеген болатынбыз. Осы 172 гектарға ол мына Павлодар қаласының жайылмасы 32 мың гектар, Павлодар мен Ақсу қалаларының ауылдық жерлерінде 30-30 мың гектардан және мына солтүстік аудандарда Тереңкөл, Ақтоғай, Железинка, Ертіс аудандарында 20 мың гектардан, жалпы көлемі 172 мың гектарды ағымдағы жылы өңдедік.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында 2 мың жазасын өтеуші жұмыс істейді
04.09.2026, 20:20
Көшпенділер ойындары: Қоржында 25 алтын
04.09.2026, 20:15
Айыппұлмен келіспеген жүргізуші 10 тәулік ішінде шағымдана алады
04.09.2026, 20:09
7400 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды
04.09.2026, 20:07
Ақмола облысында жыл соңына дейін инклюзияны қолдау бойынша 30 кабинет ашылады
04.09.2026, 20:05
Қытайда жойқын су тасқыны болды
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк зейнетақы активтерін кәсіби басқарушы компанияларға беру тәсілін өзгертпек
04.09.2026, 20:05