БҚО-да «50 жаңа аула» тазалық акциясы жалғасын тапты
Оралда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «50 жаңа аула» экологиялық тазалық акциясы жалғасын тапты.
Жаз басталғалы ерікті жастар тұрғын үй аулаларын қоқыстан тазартып, ойын құрал-жабдықтарын сырлауға кірісті. Қураған шөпті отап, жасыл желекті ретке келтірді. Бастама қаланың ажарын айшықтап, тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етпек. Игі іске кәсіпкерлер мен депутаттар да демеушілік жасап, қала тазалығына үлес қосып келеді. Былтыр іс-шара барысында 25 аула жаңартылған еді.
Әсет Оразғали, облыстық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:
Жалпы бүгін 47 ауламыз - Абай даңғылы №40 үй мекенжайы бойынша. Батыс Қамқор қоғамдық бірлестігімен бірге бірлесе отырып, осындай шара ұйымдастырып отырмыз. Бұл акцияның мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті, экологиялық сауаттылықты арттыру. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17