Ел жаңалықтарына шолу
Автолизинг бағдарламасы қайта іске қосылады. Осылайша азаматтарға жаңа автокөліктер тиімді шарттармен беріледі. Жоба аясында отандық автокөлік өндірісін қолдау көзделіп отыр.
Автолизинг бағдарламасы қайта іске қосылады
Жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасы қайта
іске қосылады. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Былтыр
пилоттық режимде жүзеге асқан жобада бірқатар техникалық және құқықтық мәселелер
туындаған еді. Барлық ұсыныстарды жинақтап, қазір нормативтік акт мақұлданып
жатыр. Құжат күшіне енген соң, лизингтік компаниялар бағдарламаны қайта бастауға
дайын, - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.
Сары май экспорты 40,4% артты
Биыл елде майлылығы 85%-дан аспайтын 14 мың тоннаға жуық
сары май өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47 пайызға көп. Экспорт көлемі
де 40,4% өсті. Негізгі нарық – Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Беларусь.
Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті
Тарбағатай ұлттық паркінде су ішуге келген Түркістан
сілеусіні фототұзаққа түсті. Бұл туралы парк әкімшілігі хабарлады. Мамандарының
айтуынша, Қазақстанда сілеусіннің бұл түрі өте сирек кездеседі. Фототұзақтар арқылы
түсірілген әрбір фото және бейнематериал ғылыми тұрғыдан аса құнды. Мұндай
деректер мамандарға сирек жыртқыштың таралу аймағын, мінез-құлқын және
популяциясын бақылауға мүмкіндік береді.
Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан бас тартты
Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы бүгін Әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартты. Бірақ ол орта салмақтағы чемпиондық атақтан бас тарта отырып, WBO-дан өзін екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемдік рейтингке енгізуді сұрады. Қазір оның салмақ дәрежесін ауыстыру туралы өтінішін WBO-ның рейтинг комитеті қарап жатыр. Ал Жәнібектің өзі «бокс жолындағы тарихым бұрынғыдан да қызық болайын деп тұр. Жаңалық күтіңіздер», - деп жазды жанкүйерлеріне.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы