Ракка «ДАИШ»-тан азат етілді
Сирия демократиялық күштері «ДАИШ»-тың іс жүзіндегі астанасын басып алып, оған өз туларын тікті. Мұны осыдан бірер сағат бұрын «Ассошиэйтед пресс» агенттігі хабарлады. Арабтар мен күрдтерден құралған бұл отрядтар қаланы қайтару жолындағы ұрысты биыл маусым айында бастады. Бірақ, «ДАИШ» үлкен қарсылық көрсетіп, соғыс бірнеше айға созылды. Сирия демократиялық күштеріне әуеден АҚШ-тың әскери авиациясы көмектесті.
Ал, Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Сириядағы әскери операциялардың аяқталып келе жатқанын айтты. Мұны ол Израильге сапарында мәлімдеді. Бұған дейін Ресей әскерилері Астанада мамырда қол қойылған меморандумның нәтижесінде бұл республикадағы жағдайдың жақсарғанын атап өткен болатын.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15