Вьетнамда тасқыннан 37 адам қаза тапты
Вьетнамның солтүстігі мен орталығында толассыз жаңбыр соңы алапат тасқын мен көшкінге ұласып, 37 адамның өмірін қиды. Тағы 20-дан астам тұрғын жараланып, 40-қа жуығы жоғалып кеткен. Қазір іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр.
«Ассошиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, тропикалық дауыл салдарынан жолдар шайылып, мыңға жуық үй қираған. Тасқыннан, әсіресе, Ниньбинь провинциясы көп зардап шекті. Мұнда екпінді желден электр сымдары үзіліп, байланыс жұмысы бұзылды. Жергілікті билік апатқа байланысты мыңдаған адамды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18