Трамп ядролық келісімнен бас тартпақ
АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада Иранмен арадағы ядролық келісімнің күшін жоятынын жарияламақ. Мұны «Вашингтон пост» газеті хабарлады. Осының нәтижесінде Ислам Республикасына қарсы санкциялар қайта жандануы мүмкін. Сонымен қатар, Таяу Шығыста жанталаса қарулануға жол ашылып, аймақтағы шиеленіс тіпті күшейеді деген болжам бар.
Ресми Тегеран болса, өзінің атомдық бағдарламасын шектеген келісімді бірінші болып ешқашан бұзбайтынын ескертті.
Трамптың ойынша, Иран режимі Таяу Шығыста терроризмді қолдап, зорлық-зомбылық пен аласапыранның белең алуына себепші. Сондықтан, оның басқыншылығы мен ядролық амбициясына нүкте қойылуы керек. Ислам Республикасы болса, өзіне тағылған мұндай айыптардың бәрін жоққа шығарып келеді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12