Иран мұсылмандары биыл Меккеге қайта оралады
Иран мұсылмандары Меккеге қайта бара бастады. Олардың алғашқы легі қажылыққа осыдан бірнеше сағат бұрын Тегеранның имам Хомейни әуежайынан аттанды. Жалпы алғанда, 2017 жылы Ислам Республикасы Сауд Арабиясына бес парыздың бірін өтеу үшін 90 мыңға жуық адам жөнелтуді жоспарлап отыр.
Айта кетсек, 2015 жылы қажылық кезінде жүздеген адам қаза тапты. Олардың көбі – ирандықтар еді. Сондықтан, ресми Тегеран Меккеге мұсылман жіберуге бойкот жариялады. Сондай-ақ, шииттік Иран мен сүнниттік Сауд Арабиясы арасында Таяу Шығыстағы билік пен ықпал үшін де дипломатиялық тайталас күшейді. Дегенмен, биыл ақпанда Тегеран әр-Риядқа делегация жіберіп, ирандықтарды Меккеге қайтару бастамасын көтергенді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15