НАТО елдері әскери жаттығу бастады
Грузия армиясы АҚШ, Украина және НАТО-дағы өзге де әріптестерімен бірге көпұлтты әскери жаттығу өткізіп жатыр. «Лайықты серіктес-2017» атты маневрлар екі аптаға созылады. Оған Солтүстік Атлантикалық одаққа мүше 8 мемлекеттің 2800 жауынгері қатысып жатыр.
Бұл жолғы жаттығулар сарбаздар санымен ғана емес, әскери техника жағынан да ауқымды. Оған танктер, әскери ұшақтармен бірге алғаш рет америкалық «Страйкер» және немістің «Боксер» бронетранспортерлері қатыспақ. Ал, кейбір грузиндік сарапшылар, «Ресей НАТО-ның әскери маневрлеріне жауап ретінде Солтүстік Кавказ бен Оңтүстік Осетияда әскери жаттығу бастады», деп мәлімдеп отыр.
АҚШ-тың Тбилисидегі елшісі болса, бұл ойындардың ешкімге қарсы ұйымдастырылмағанын ескертті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз»
27.10.2026, 10:45
«Бавария» шабуылшысы «Алтын доп-2026» жүлдесін жеңіп алды
27.10.2026, 10:12
Қазақы тазылардың көрмесі өтті
27.10.2026, 10:12
«Қазақстан объектив көзімен» көрмесі өтті
27.10.2026, 10:11
Қытайда тоғызқұмалақ федерациясы ашылады
27.10.2026, 10:09
IPhone Duo смартфондарының экранынан ақау табылды
27.10.2026, 10:07
Бүгін Израильде парламент сайлауы өтеді
27.10.2026, 10:07
Балаларды қорғау жүйесі жетілдіріледі
27.10.2026, 10:06