Бизнес пен билік ортақ мәселені талқылады (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнес пен билік ортақ мәселені талқылады (толығырақ)

10.10.2014
Бизнес пен билік ортақ мәселені талқылады (толығырақ)

Елдегі машина жасау саласын дамытуға бизнес өкілдеріне не кедергі болып отыр? Индустрияландыру бағдарламасының бірініші бес жылдығында не істелді, ары қарай жоспар қандай? Бұл тақырыптар бүгін машина жасаушылар мен Үкімет мүшелерінің бас қосқан форумында талқыланды. Машина жасаушылардың екінші форумына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қатысып, сала мамандарына дүниежүзілік сауда ұйымы мен еуразиялық одақ нарығының маңызын айтып берді.

Премьер-министр алыс-беріс, сауда-саттықты дамыту үшін Дүниежүзілік сауда ұйымының, Еуродақ елдері мен Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктерін құр жібермеу керек екенін айтты. Кеше ғана Президенттің қатысуымен Брюссельде Еуроодақпен әріптестікті одан әрі арттыру келіссөздері аяқталғанын да айтып өтті. Ал негізгі баяндаманы жасаған Әсет Исекешев саланың жетістіктерін жеткізді, болашақ межелерді ортаға салды.

Жиынға отандық және шетелдік 700-ге жуық маман қатысты.

Форумда көтерілген мәселелерді Үкімет мүшелері тоқсан сайын талқылап, жылына бір жүйелеп отыруға сөз байласты.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ  

 

 

 

Хабарламаларға жазылу