НАТО елдері Ауғанстанға қосымша әскер жібереді
НАТО-ға мүше 15 мемлекет Ауғанстанға қосымша әскер жібереді. Бұл туралы Солтүстікатлантикалық альянстың қорғаныс министрлері кездесуінде айтылды. Әскери одақтың бас хатшысы Йенс Столтенбергтің айтуынша, НАТО жауынгерлері соғыс қимылдарына қатыспайды. Олар тек Ауғанстанның ұлттық күштерін шыңдаумен айналысады. Кейбір мәліметтерге сай, АҚШ 5 мыңдай, әскери альянстың өзге де мүшелері 1000-нан астам сарбаз аттандырмақ.
НАТО Ауғанстаннан әскерін 2014 жылы шығарды. Бүгінде мұнда альянстың «Батыл қолдау» миссиясы аясында 13,5 мың жауынгер ауған күштерін жаттықтырумен айналысып жүр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз»
27.10.2026, 10:45
«Бавария» шабуылшысы «Алтын доп-2026» жүлдесін жеңіп алды
27.10.2026, 10:12
Қазақы тазылардың көрмесі өтті
27.10.2026, 10:12
«Қазақстан объектив көзімен» көрмесі өтті
27.10.2026, 10:11
Қытайда тоғызқұмалақ федерациясы ашылады
27.10.2026, 10:09
IPhone Duo смартфондарының экранынан ақау табылды
27.10.2026, 10:07
Бүгін Израильде парламент сайлауы өтеді
27.10.2026, 10:07
Балаларды қорғау жүйесі жетілдіріледі
27.10.2026, 10:06