Кәсіпкерлікке кедергі келтіретін заңдардың күшін жою туралы ұсыныс жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлікке кедергі келтіретін заңдардың күшін жою туралы ұсыныс жасалды

07.10.2014
Кәсіпкерлікке кедергі келтіретін заңдардың күшін жою туралы ұсыныс жасалды

Бизнеске кедергі болатын заңның бәрін жою керек. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрағасы Ғани Қасымов осылай деді.

«Ешқандай да тексеріске жарияланған мораторий кәсіпкерге көмектеспейтінін түсінуіміз керек. Бізге керегі бір ғана өзгеріс. 90-шы жылдары қабылданған күштік құрылымдар, қаржы, салық органдарының мысы басым заңдардан құтылу. Біз бизнестің дамуына септігін тигізетін жақсы заңдарды қабылдап жатырмыз, бірақ ескі заңды жоймаймыз» - деді ол.

Кәсіпкерлер палатасына бір жылдың ішінде бизнесмендерден 1,5 мың арыз түскен.

Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамына кіретін 185 елге 4 күндік жұмыс аптасына көшуді ұсынып отыр. Біріншіден, бұл денсаулыққа пайдалы екен. Екінші – жұмыс орындары көбейеді. Үшінші – қоршаған ортаға оң әсері бар.

Саламат ОМАШ

 

Хабарламаларға жазылу