Дональд Трамп Мексикамен шекарада қабырға тұрғызбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп Мексикамен шекарада қабырға тұрғызбақ

25.01.2017
Бүгін Америка президенті Дональд Трамп Мексикамен шекарада қабырға тұрғызу туралы қаулыға қол қоймақ. Ақ Үй басшысының сөзінше, бұл шешім ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды.

Осындай пікірді Трамп өзінің «Твиттер» парақшасында жариялаған. Сондай-ақ, ол алдағы күндері иммиграция мен шекарадағы бақылауды қатаңдату мақсатында тағы бірнеше жарлыққа қол қояды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу