Дональд Трамп елде төтенше жағдай жариялауға толық құқығы бар екенін ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп елде төтенше жағдай жариялауға толық құқығы бар екенін ескертті

11.01.2019

АҚШ президенті Дональд Трамп елде төтенше жағдай жариялауға толық құқығы бар екенін ескертті. Ол мұндай қадамға Мексикамен арадағы шекарада қабырға тұрғызу мәселесінде демократтармен келісе алмаған жағдайда бармақ. Айта кетсек, демократтар осы жобаға 5,7 миллиард доллар бөлмегендіктен, Құрама Штаттарда мемлекеттік бюджет бекітілмей, үкімет желтоқсанның 22-нен бері жұмыс істемей тұр. Мұның алдында Трамп Техасқа барып, Мексика шекарасындағы жағдаймен танысты.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу