Дональд Трамп төтенше жағдай жарияламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп төтенше жағдай жарияламақ

15.02.2019

АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық үкіметті қаржыландыру туралы қаулыға қол қойып, Мексикамен арадағы шекарада қабырға тұрғызуға бюджеттен ақша алу үшін елде төтенше жағдай жарияламақ. 

Бұның алдында Конгрессте республикалықтар мен демократтар оңтүстік шекара қауіпсіздігі туралы алдын ала келісім жасасты. Сөйтіп мемлекеттік бюджетті қабылдауға жол ашылып, үкіметтің тағы да жабылуына жол бермеуге мүмкіндік туды. Алайда, Конгресс Трамптың шекара  құрылысы жобасына 1,5 миллиард долларға жуық қаражат қана бөлуге келіскен. 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу