Трамп 1,8 млн. иммигрантқа азаматтық беруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп 1,8 млн. иммигрантқа азаматтық беруі мүмкін

26.01.2018

АҚШ үкіметі кәмелетке толмай тұрғанда Америкаға барған 1 миллион 800 мың иммигрантқа азаматтық беру заңын әзірлеп жатыр. Ол Конгреске ресми түрде ақпанның 5-де жіберілуі мүмкін.

Соңғы күндері өздерін депортациялауға қарсылық білдіріп, Вашингтонда талай адам наразылық акциясын өткізді. Егер Ақ үй әкімшілігінің жаңа жоспары қабылданатын болса, олар 10-12 жылдан кейін Құрама Штаттар азаматтығын алады.

Есесіне, президент Дональд Трамп Мексикамен арадағы шекарада қабырға тұрғызуға бюджеттен 25 миллиард доллар бөлуден үмітті. Сонымен қатар, Трамп мигранттардың отбасыларына көмекті азайтып, кейбір елдер үшін визалық лотореяны жою қажет деп есептейді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу