АҚШ-тың Майами қаласында президенттікке кандидат он демократ арасында теледебат өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Майами қаласында президенттікке кандидат он демократ арасында теледебат өтті

28.06.2019

Олар иммиграция мәселесі бойынша пікір таластырды.

 

Айта кетсек, республикалық президент Дональд Трамп елден миллиондаған заңсыз мигрантты шығарып, Мексикамен арадағы шекарада қабырға тұрғызуға күш салып жатыр. Ал, демократтар керісінше иммигранттарды медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

 

Жалпы алғанда, Құрама Штаттарда қазір 20 демократ президенттікке үміткер болып отыр. Солардың ең мықтысы осы партияның келесі жылы жазда өтетін съезінде басты кандидат болып таңдалады. Және де сол басым түскен үміткер 2020 жылдың қарашасында өтетін сайлауда Трамппен АҚШ президенттігі үшін бақ сынасады.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу