Ресей Түркияда салуды жоспарлаған АЭС жобасындағы үлесін сатуды көздейді

Ресей Түркияда салуы тиіс атом электр стансасындағы үлесінің бір бөлігін сатуды жоспарлап отыр. Түркияның Анадолу агенттігі Ресейдің «Росатом» агеттігіндегі дерек көздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Ақпарат құралдары әзірге «Росатомнан» қандай да бір мәлімдеме түспегенін жазуда. Дегенмен, түрік басылымдары ресейліктердің «Аккую» АЭС-ін салу жобасындағы үлесінің 49 пайызын сатуға бекінгенін хабарлады. Бұрын бұл жобадағы ресейліктердің үлесі 100 пайыз болатын.
Түркия мен Ресейдің лауазымды тұлғалары «Аккую» АЭС-ін салу туралы үкіметаралық келісімге 2010 жылы қол қойған еді. Келісімге сәйкес Түркиядағы тұңғыш атом электр стансасын Мерсин қаласының төңірегінде салу көзделген. Жобаның жалпы құны 20 млрд долларға бағаланған болатын.
Стансада әрқайсысының қуаты 1200 МВт болатын төрт энергоблок орнатылуы тиіс. Стансада жұмыс істейтін мамандарды Ресей жағы оқытуға келіскен-ді. Енді, ресейліктер жобадағы үлесін сатпақ ниетте.
Дегенмен, түрік басылымдары Ресейдің бұл қадамға баруын қаржылық қиындықтармен байланыстырып жатыр. Бірақ, ресми Анкара өткен жылдың 9 желтоқсанында жобаға ортақтасатын өзге де мердігерлер қарастыратындығын мәлімдеген еді.
«Аккую» АЭС-інің құрылысы биылғы жылдың соңында басталып, 2023 жылы станса іске қосылуы керек. Қазір ресейліктердің сатылымға шығармақ болған 49 пайыздық үлесін алуға Түркияның Дженгиз Иншаат компаниясы қызғушылық танытып отыр.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Иран АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігін атқылады
17.03.2026, 17:18
Қарағанды облысында 510 адамға қайтарымсыз грант беріледі
17.03.2026, 17:15
Елдің индустриялық қуаты жанданып келеді
17.03.2026, 17:12
Шымкент жастары көк байрақпен велошеру ұйымдастырды
17.03.2026, 17:09
Шілденің бірінен бастап Жаңа Ата заң күшіне енеді
17.03.2026, 17:06
Мемлекет басшысы Конституцияны іске асыруға арналған Жарлыққа қол қойды
17.03.2026, 17:03
Президент Пәкістан Премьер-министрімен телефонмен сөйлесті
17.03.2026, 17:00
Кабулде 400 адам Пәкістан шабуылынан қаза тапты
17.03.2026, 13:21