Термоядролық синтез реакторын іске қосу уақыты шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Термоядролық синтез реакторын іске қосу уақыты шегерілді

20.11.2015
Термоядролық синтез  реакторын іске қосу уақыты    шегерілді
Термоядролық синтез  реакторын іске қосу уақыты    шегерілді

Францияның Марсель қаласынан 60 шақырым қашықтыққа салынып жатқан Халықаралық термоядролық тәжірибелік реакторды іске қосу мерізімі тағы да 6 жылға шегерілді. Осылайша құны 19 млрд еуро болатын жобаны 2025 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

ITER (International Thermonuclear Experimental Reactor) жобасы 2006 жылы басталған болатын. Ол кезде жоба құны 5 млрд еуро еді. Алғашқы тәжірибелерді жүргізу 2016 жылы басталуы керек болатын. Бірақ, кейін жоба құны 19 млрд еуроға дейін өсті де, ITER-ді іске қсоу мерізімі ретінде 2019 жыл аталған. Бірақ, енді ол мерізім де шегеріліп отыр.

Жоба термоядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану үшін зерттеулер жасау үшін әзірленген болатын. Ғалымдар басқарылатын термоядролық синтезді болашақта мұнай мен газға, көмірге балама болатын қуат көзі ретінде қарастырады.

ITER реакторы сутегінің дейтрий және тритий изотоптарын қосатын реакция жүргізуі керек. Нәтижесінде 3,5 мегаэлектронвольт энергия беретін гелий мен 14,1 мегаэлектронвольт энергия шығаратын нейтрон алынуы тиіс. Бірақ, ол үшін дейтрий мен тритий қоспасын 100 млн градустан артық температурада қыздыру қажет. Бұл Күндегі температурадан 5 есе көп.

ITER жобасына Қытай, Еуропалық одақ, Үндістан, Жапония, Ресей, Оңтүстік Корея мен АҚШ қатысып жатыр.



Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу