Басты Жаңалықтар Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Жетісу облысында 2 мың 600 тонна алтын шикізатын елден алып шықпақ болған күдіктілер ұсталды. Тәркіленген заттың  құны 1,5 млрд теңгеге жуықтайды. Қаскөйлер шикізатты шетелге шығару үшін кедендік құжаттарда жүкті «мыс кені мен концентраттары» деп көрсеткен. Осылайша тауардың нақты құрамын жасырған. Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу жүргізіп,  Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы қоймалардан ірі контейнерлерге салынған 1 000 тоннадан астам шикізат анықталды.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

Тергеу барысында кенді шетелге шығарумен айналысқан «RedGold Mining» ЖШС директоры мен заңсыз әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар өзге де адамдар анықталды. Екі күдікті қамауға алынды. Соттың рұқсатымен серіктестіктің ақшалай қаражатына тыйым салынды.

Бөлісу