Басты Жаңалықтар Парижде коменданттық сағат ұзартылды

Парижде коменданттық сағат ұзартылды

Франция билігі Париждің орталығындағы бірнеше ауданда енгізілген коменданттық сағатты ұзартты. Ал Марсель мен Лион қалаларында кез келген акцияның өтуіне тыйым салынды. Сенбіде Франция астанасында жаңа демонстрациялар өтеді. Сол күні Лувр, Орсе мен Пикассо мұражайлары жабылады. Ал тәртіпті қадағалайтын полиция қызметкерлерінің саны өткен демалыс күндерімен салыстырғанда 20 пайызға көп болады. Тәртіпсіздіктерге ұласқан наразылық акциялары кезінде елде 2700 адам ұсталған. Олардың 200-ден астамын түрмеге қамау туралы үкім шығарылды.

Бөлісу