«Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
Елордада Кітапхана түні өтті. Оған оқырмандар мен қаламгерлер жиналды. Шамның жарығымен кітап оқып, түрлі білім бәйгелеріне қатысты. Ашық ойталқы ұйымдастырылды.
Кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыруды насихаттайтын шара «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонның негізінде ұйымдастырылған. Сондықтан, бастаманың қатысушыларын көптеп кездестірдік. Оқу кезеңінің басталғанына небәрі 2 айға жуық уақыт өтсе де, Мархабат өз жасына сай ұсынылған кітаптың басым бөлігін оқып үлгерген.
Мархабат Құлахметова, студент:
Мен негізі махаббат шығармаларынан бастау алатын бірақ бір өмірлік сабақ беретін шығармаларды көп оқимын. Бір кітапты қанша уақытта оқып шығасыз. Бір кітапты маған қызық болса 1 күнде оқып шыға аламын.
Гүлмира Әбілғазина, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары:
Астана қаласындағы бізде 25 кітапхана бар. Қорында кітап оқитын ұлт марофонына 300 кітап берілген болса соның 290-нан астамы біздің кітап қорларымызда бар. Сондықтан марафонға қатысушылар ешқандай, ешжерге бармай кітап сатып алуға не болмаса басқа жерлерден сатып алудың қажеті жоқ.
Кеш аясында көрнекті жазушылармен кездесу ұйымдастырылған. Қаламгерлер шығармашылық жолы мен қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңашылдықтар туралы ойымен бөлісті.
Мерей Мұсақызы тілші:
Шараға келушілер арнайы шам жарығымен кітап оқып, әдеби шығармалар әлеміне саяхат жасады. Сондай-ақ, білім бәйгелері мен, куиз ұйымдастырылған. Кеште басқа да интелектуалдық интерактивті аймақтар жұмыс істеп қатысушылардың қабілеттерін сынауға мүмкіндік берілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы