Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
Еуразиялық экономикалық комиссия «жалған» сертификаттарға қарсы күресті күшейтпек. Мұндай құжаттар өнім қажетті зертханалық сынақтардан толық өтпей немесе тиісті тексерусіз берілуі мүмкін. Бұл тұтынушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, адал кәсіпкерлерге кедергі келтіреді. Әсіресе балалар ойыншықтарына, киімдері мен аяқкиімдеріне қатысты жалған сертификаттар көбейген. Қазақстанда заң талаптарына сәйкес келмейтін 1042 сәйкестікті бағалау құжаты жарамсыз деп танылған. Сонымен қатар 76 интернет-ресурс бұғатталған. Бұл сайттар мемлекеттік аккредиттеусіз сертификат ұсынған. Енді зертханалық сынақ хаттамаларының бірыңғай цифрлық тізімі құрылады.
Александр Субботин, ЕЭК техникалық реттеу министрі:
Бизнес үшін бұл мәселенің маңызы зор. Өйткені заңнама, ең алдымен, кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетіп, азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталуы керек. Әрбір елде мұндай құжаттар бизнес өкілдерімен талқылануы тиіс. Менің ойымша, сертификаттарды қолдан жасау немесе белгіленген талаптарды айналып өту адал жұмыс істейтін кәсіпкерлерге зиян келтіреді. Себебі талаптарды сақтамайтындар нарыққа өзгелерден бұрын шығып, бәсекелестік артықшылыққа ие болуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы