Әлеуметтік зерттеулер террористердің жақтастары аз екенін көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік зерттеулер террористердің жақтастары аз екенін көрсетті

19.11.2015
Әлеуметтік зерттеулер террористердің жақтастары аз екенін көрсетті
АҚШ-тың әлеуметтік зерттеулермен айналысатын PEW компаниясы әлемдігі 11 мұсылман елінде зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, бұқараның басым көпшілігінің террористерді жақтамайтыны белгілі болған.

Әлеуметтік зерттеулер террористердің жақтастары аз екенін көрсеттіКомпания сауалнамаға қатысқан адамдарға «ДАИШ тобына симпатияыңыз бар ма?» деген сұрақ қойған. Бұл сұраққа Түркияда «иә» деп жауап бергендердің саны 8 пайыз болса, сауалнамаға қатысқандардың 73 пайызы «жоқ» деп бірден кесіп айтқан. Ал, респонденттердің 19 пайызы жауап беруге қиналған. Зерттеу нәтижесі Нигерия тұрғындарының арасында террористік топтарға ниеттес адамдардың мол екендігін көрсетті. Нигерия халқының 14 пайызы террористерді іштей болса да жақтайтындығы байқалған. Одан кейінгі орындарда Сенегал мен Малайзия тұр. Төртінші сатыда Буркина Фасо тұрса, Түркия 5 орында.

Ал, Ливан халқы тұтастай дерлік террористердің әрекетін қолдамайтын болып шықты. Сауалнамаға қатысқан ливандықтардың 100 пайызы террористерге ешқашан жылы шырай танытпағандықтарын айтқан. Пәкістандықтардың ішінде нақты пікірі жоқ адамдардың саны басым. Олардың 62 пайызы террористерге байланысты қандай да бір ұстаным көрсетпеген. Дегенмен, зерттеу жүргізілген 11 мемлекетте террористерді іштей болса да жақтайтындардың үлесі 14 пайыздан аспаған.

Жалпы, PEW компаниясы Париждегі терактлерден кейін Еуропа елдерінде мұндай сауалнама жүргізген жоқ. Бірақ, терактіден бұрын еуропалық 15 мемлекеттік тұрғындары ДАИШ-ты аса қауіпті ұйым ретінде бағалаған. Мәселен, Париждегі оқиғалардан бұрын француздардың 71 пайызы, Испания тұрғындарының 77 пайызы, Германия халқының 70, Италия жұртының 69 пайызы дін атын жамылған террористік топтан қауіптенетіндіктерін айтқан. Ал, АҚШ халқының 68 пайызы террористерден сескенетіндігі белгілі болды. Алайда, Париж терактлерінен кейін батыс елдері тұрғындарының нақты қандай көңіл-күйде екендігі әзірге зерттелген жоқ.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу