Түркістанда өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды
Елімізде жыл сайын 5 мыңға жуық бала жүрек ақауымен өмірге келеді. Ал Түркістан облысында жыл сайын 300-ге жуық нәрестеге осындай диагноз қойылады. Қазір облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері жаңа туған нәрестелердің күрделі жүрек ақауларына сәтті ота жасай бастады. Бүгін осы аурухана жанынан өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды. Мұнда Түркістан облысымен қатар Шымкент қаласы және Қызылорда облысының балаларына кардиохирургиялық көмек көрсетіледі. Әрі науқастардың жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қолы жетіп, заманауи әдістермен емдеуге және бала өлімін азайтуға мүмкіндік туады.
Талғат Бердібеков, Түркістан облыстық балалар
ауруханасының бөлім меңгерушісі:
Жылына шамамен 250-ге жуық ашық жүрекке ота жоспарланады. 1 айлық, 3 айлық, роддомнан келген, жаңа туған 1 күндік, 2 күндік балалардың барлығына. Соның қазіргі таңда біз жеңілін жасаймыз, күрделісін де жасаймыз және ауыр түрінің бірнеше түрін осында жасауға мүмкіндік бар. Бұрын біз мұндай балаларды Астанаға не болмаса шетелге жіберетінбіз.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар сайлау барысын бағалады
24.08.2026, 17:51
Ел жаңалықтарына шолу
24.08.2026, 17:39
Қазақтың амандасу әдебі қалай болған?
24.08.2026, 17:37
Ақтөбе облысында тағы бір ауылға газ берілді
24.08.2026, 17:33
ШҚО-да 4 мың адамды кене шаққан
24.08.2026, 17:27
Ақмола облысында 1,3 млн тонна астық бастырылды
24.08.2026, 17:25
Қытайда тасқыннан 54 мыңдай адам үйлерін тастап кетті
24.08.2026, 17:22
Иранның ұлттық валютасы құнсызданып барады
24.08.2026, 17:20