Ақтөбе облысында тағы бір ауылға газ берілді
Ақтөбе облысында тағы бір ауылға газ берілді. Бұл жолы Жабасақ елді мекені тұрғындарының көптен күткен тілегі орындалды.
Жоба аясында 56 шақырымға жуық құбыр тартылып, 534 тұрғын көгілдір отынның
игілігін көре бастады. Нәтижесінде Әйтеке ауданындағы 27 елді мекеннің 21-і
табиғи газбен қамтылды. Бұл жалпы халықтың 94 пайыздан астамы. Тұрғындар оң
өзгерістер елді мекеннің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және ауылдың одан
әрі өркендеуіне жаңа мүмкіндік береді деген сенімде.
Маратбек Байғожин, ауыл тұрғыны:
Жұмыс істеп жатқан барша ағайынға, қызметкерлердің бәріне де рахмет айтамыз. Ауылымызға жол салынып жатыр, газ келіп жатыр. Әрқашанда елімізде осындай игі істер бола берсін!
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16